БҚО-да вирус жұқтырғандардың барлығы Ресейден келген

26 Сәуір 2020, 11:06
1491
Бөлісу:
БҚО-да вирус жұқтырғандардың барлығы Ресейден келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Коронавирус инфекциясы табылғандардың барлығы да Ресей Федерациясында жұмыс жасайтын Қазақстан Республикасының азаматтары. Олардың 6-уы Батыс Қазақстан облысының, 5-і Алматы облысының, 2-і Түркістан және Қарағанды облыстарының тұрғындары. 

Ресей Федерациясымен шекарадағы Тасқала автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарларға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 13 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

26.04.2020 жылғы жағдай бойынша облыста COVID-19 вирусын жұқтырған 116 адам анықталған, оның алтауы індеттен жазылып шықты.


Өзгелердің жаңалығы