БҚО-да соңғы тіркелген екі науқас – облыс тұрғындары

16 Сәуір 2020, 07:55
1371
Бөлісу:
БҚО-да соңғы тіркелген екі науқас – облыс тұрғындары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған екі науқас та Ресейден келген азаматтар, деп хабарлайды БҚО шұғыл штабы.

БҚО-ның шұғыл штабы мәлім еткеніндей, бұлардың екеуі де – өңір тұрғындары. Олар бұдан бұрын инфекция анықталған науқаспен бірге Ресейден келген.

COVID-19 диагнозы расталғаннан кейін екеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қазіргі таңда жағдайлары қанағаттанарлық. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған.

Соынмен қатар ауру ошақтарында эпидзерттеу және дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, БҚО-да сырқаттанғандар саны 20-ға жетті, олардың біреуі жазылып шықты.

Өзгелердің жаңалығы