Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында киіктің 434 мүйізін ұрлаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2020 жылғы 18 мамырда ІІМ қызметкерлері арнайы шұғыл-іздеу операциясы кезінде БҚО төрт тұрғынын ұстады. Олар киік аулап, оларды мүйізін ұрлағаны үшін ұсталды, - делінген хабарламада.
Киіктің 434 мүйізі, Nissan маркалы автокөлік, ресейлік нөмірмен жүрген Нива Chevrolet көлігі, мотоцикл, 5 дана қару, түрлі калибрдің 293 патроны, радиостанциялар, GPS-навигатор, 7 мобильді телефон, 2 планшет, ара мен пышақтар тәркіленген.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Оқи отырыңыз: