Бұл қазіргі уақытта өте керек – Нығматулин

1 Сәуір 2020, 12:14
1458
Бөлісу:
Бұл қазіргі уақытта өте керек – Нығматулин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин президенттің халыққа жасаған үндеуіне тоқталды.

Өздеріңізге белгілі, президент Қасым Жомарт Тоқаев қалыптасқан жағдайға байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Тоқаев күрделі кезеңде, елімізді, халқымызды жан-жақты қолдаудың өте маңызды екенін айтып, осы жолда қосымша шаралар қолға алынатынын атап өтті. Бұл қазіргі уақытта өте керекті шаралар деп ойлаймын.  Әрине, экономикамыздың тірегі - шағын және орта бизнесті күшейтуге арналып отыр. Сонымен қатар, азаматтардың әлеуметтік жағдайын да одан әрі тұрақты ұстауға бағытталған, - деді Нұрлан Нығматулин.
Ол осы ретте республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлінетінін жеткізді. Бұл қазақстандықтарды уақытша қиындықтан аман алып шығу үшін, мемлекет тарапынан жасалған тағы бір нақты қадам екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының мәлімдемесі қазіргі жағдайды бақылауға ғана емес, дағдарыстан кейінгі кезеңге арналған нақты іс-қимыл жоспары. Оның  барлығы уақытылы және төтенше жағдай кезінде азаматтарды да, бизнесті де қолдауға бағытталған. Ел азаматтарының әрбір санатына барынша қысқа мерзімде мемлекет тарапынан маңызды көмекті әрбір салаға жеткізуге мүмкіндік беретін нақты тетіктер қажет. Бұл жұмыста мемлекеттік органдардың да, депутаттық корпустың да, бизнес-құрылымдардың да бірлескен күш-жігері маңызды, - деді спикер.

Ол сонымен қатар президенттің аграрлық секторда, ең алдымен, көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы жүргізуге, сондай-ақ жол картасы аясында азаматтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін жұмыспен қамту саласына қойған міндеттерінің өзектілігіне ерекше назар аударды. 
Осы қабылданған шараларға сәйкес, депутаттық корпус дағдарысқа қарсы шаралардың тиімділігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық деңгейде барлық қажетті қолдау көрсетеді, - деді Нұрлан Нығматулин.



Өзгелердің жаңалығы