Бүгін Шымкент қаласында ауа сапасы нашарлайды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусымда еліміздегі қалалардың басым бөлігінде метеожағдай қолайлы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.</h4>

 1 Маусым 2020 2020, 08:37
1 Маусым 2020 2020, 08:37
1800

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусымда еліміздегі қалалардың басым бөлігінде метеожағдай қолайлы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамынша, Шымкент қаласында ғана ауа ластанып, қолайсыз ауа райы күтіледі.

Қолайсыз метеожағдайлар атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жинақталуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тып-тымық жел, тұман, инверсия) үйлесімін білдіреді.
  
Қолайсыз метеожағдайлар пайда болған кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).



Наверх