Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде қатты ыстық болады.
Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты солтүстікте, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыстың кей жеріңде жаңбыр жауады.
Кей жерде найзағай, жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, түнде және таңертең республиканың солтүстігінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай, түнде және таңертең тұман болады.
Павлодар облысының кей жерінде найзағай, тұман түседі, жел 18 м/с күшейеді.
Түркістан, Алматы, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жеріңде шаңды дауыл болады.
Күндіз Қарағанды облысының кей жерінде найзағай түседі.
Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола облыстарының оңтүстік аймағында өте жоғары өрт қаупі сақталады.