Бүгін Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні

30 Сәуір 2020, 18:18
2279
Бөлісу:
Бүгін Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыдан 75 жыл бұрын лейтенант Рақымжан Қошқарбаев жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа жетіп, алғашқы болып Жеңіс туын тіккен еді.


Осы ерліктері үшін олар Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылғанмен екеуіне де бұл атақ берілмеді.

Мәскеуден Бауыржан Момышұлының өзі, одан бөлек қазақ зиялылары да Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын беруді сұраған. Дінмұхаммед Қонаев та Брежневтің жеке қабылдауында болғанда осы ұсынысты алға тартқан. Бірақ, бұл өтініш қанағаттандырылмаған күйі қалған. 

Бүгін айтулы күнге орай ҚР Прзиденті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Максим Споткай әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Рақымжан Қошқарбаевтың өзгеде ерліктері туралы жазды.
Бұл Рақымжан Қошқарбаевтың өміріндегі жалғыз әділетсіздік емес. Қаһарманның ғұмыры осындай сәттерге толы болған. Кеңес империяның абыройы мен бостандығы үшін күрескен батырдың әкесі жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагеріне айдалған. Сондықтан, 13 жасынан жетім қалған Қошқарбаев Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленеді, - дейді Споткай.
Сонымен қатар, Максим Споткай Рақымжан Қошқарбпевтың ерен еңбегі кеш бағаланғанын айтты.
Жеңiс туын бәрiнен бұрын тiккенi Рақымжан атамыздың өлімінен кейін ғана ресми түрде дәлелденді. Берлиндегі Рейхстагқа ту тігіп, қазақтың нағыз батыры, қайсар азамат Рақымжан Қошқарбаевқа 1999 жылы Елбасы "Халық қаһарманы" атағы берді. Кейін елордада арнайы ескерткіш те қойылды. Бірнеше кітап жазылды, бірқатар фильм түсірілді. Бүгін қазақ тарихының тағы бір даңқ күні деп қабылдауға болады, - деді Максим Споткай.

Өзгелердің жаңалығы