Бүгін Назарбаев Nur Otan-да жиын өткізеді

5 Наурыз 2020, 11:55
1108
Бөлісу:
Бүгін Назарбаев Nur Otan-да жиын өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді.

Бас партияның жетекші органы болып саналатын саяси кеңес бюросының бас қосуында еліміздегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелер қарастырылады, деп жоспарлануда.

Айта кетейік, саяси кеңес бюросы мәжілістегі депутат фракциясын құрайды. Өкілеттілік мерзімі – төрт жыл. Партияның ішкі тәртібі бойынша, бюро отырысы үш айда бір реттен кем болмауы тиіс. Егер партия мүшелерінің жартысынан көбі аталған жиынға қатыспаса, отырыс өтті деп саналмайды.

Ал, 18 наурыз күні "Nur Otan" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді деп жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы