Бүгін - мұғалімдердің төл мерекесі!

4 Қазан 2020, 08:01
2385
Бөлісу:
Бүгін - мұғалімдердің төл мерекесі!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазан айының алғашқы жексенбісінде Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі атап өтіледі.

Бұл атаулы күн 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Бұйрығымен белгіленген. Бүгінгі таңда Қазақстан, Беларусь, Латвия және Украина Мұғалімдер күнін қазанның алғашқы жексенбісінде атап өтеді. Ал көршілес Өзбекстан – 1 қазанда, Қырғызстан, Әзербайжан, Ресей, Тәжікстан, Армения, Молдавия, Эстония және Литва – ұстаздар мерекесін 5 қазан күніне бекіткен. 

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, 2019 жылы елімізде мектепке дейінгі ұйымдарда – 97 209 педагог, жалпы білім беретін мектептерде – 347 052 мұғалім (оның ішінде 281 209 - әйелдер), колледждерде – 36 881 оқытушы (26 731 - әйелдер), жоғары оқу орындарында – 38 470 оқытушы (24 611 - әйелдер) болған. 

2 қазанда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Үздік педагог-2020» байқауының 64 жеңімпазын марапаттап, 2 778 000 теңгеден сыйақы мен төсбелгілер табыстады. Оның айтуынша, биыл 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артты. Жалпы 1-2 жылдың ішінде ұстаздардың еңбекақысы 2 есе артатын болады.

Өзгелердің жаңалығы