Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 13 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде антициклон орналасуына байланыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігінде құбылмалы ауа райы сақталады – кей жерде найзағайлы жаңбыр жауады. Кей жерде тұман, жел күшейеді.Түнде және таңертең Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі, түнде және таңертең кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі.
Түркістан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл облыстарының кей жерінде, Карағанды облысында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау, Алматы облыстарының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.