Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер&nbsp;еліміздегі қалалардың басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп болжайды.</h4>

 1 Сәуір 2020 2020, 08:49
1 Сәуір 2020 2020, 08:49
1623

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздегі қалалардың басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп болжайды.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, сәрсенбі күні ауа сапасының нашарлауы 3 қалада – Қарағанды, Ақтөбе және Нұр-Сұлтанда болжанады. Өзге шаһарларда метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Наверх