Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бес қаласында ауа сапасының ластануы күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Балқаш, Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында ауа сапасының ластануы күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Алматы, Тараз, Өскеменде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады.Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.