Бүгін екі қалада метеожағдай нашарлайды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет"&nbsp;РМК 7 қараша күні елімізде қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы хабарлады.&nbsp;</h4>

 7 Қараша 2019 2019, 08:29
7 Қараша 2019 2019, 08:29
2750

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 7 қараша күні елімізде қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы хабарлады. 

Синоптиктердің болжамына сәйкес, бейсенбі күні Ақтөбе мен Балқаш қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Наверх