Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

13 Мамыр 2020, 08:30
1632
Бөлісу:
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы 13 мамыр күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Атап айтқанда, ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы екі қалада – Атырау және Павлодарда күтіледі. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы