Бүгін ауа райы жауын-шашынды болмақ

27 Қазан 2019, 09:48
1566
Бөлісу:
Бүгін ауа райы жауын-шашынды болмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады. Кей жерлерде жауын-шашынды болады. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман түседі.  

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

Павлодар, Ақмола облыстарында түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі. 

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қарағанды, Ақтөбе облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, Қарағанды облыснда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. 

Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

 
Өзгелердің жаңалығы