Бүгін – Арапа күні

30 Шілде 2020, 07:50
2322
Бөлісу:
Бүгін – Арапа күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – Арапа күні. Осыған байланысты ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық Азия елдерінің ғұламаларын, мұсылман қауымын 30 шілде, бейсенбі күні бесін намазының уақытында "Бір мезетте – бір дұға" атты игі бастамаға шақырды.

Бас мүфти Орталық Азия елдерінің ғұламаларын, мұсылман қауымын 30 шілде, бейсенбі күні бесін намазының уақытында "Бір мезетте – бір дұға" атты игі бастама, күллі дін қайраткерлерін, дін саласының оқытушы-ұстаздары, қариларды және барша мұсылман қауымын 30 шілде, бейсенбі күні бесін намазының уақытында "Бір мезетте – бір дұға" атты игі бастама аясында күллі адамзаттың амандығы үшін бір уақытта алақан жайып, дұға жасауға шақырды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бір өсиетінде: "Арапа күнін құрметтеңдер! Өйткені Арапа – Алла Тағала қадірлеген күн", десе, тағы бір хадисінде "Дұғаның абзалы – Арапа күнінің дұғасы және мен әрі менен бұрын болған пайғамбарлардың айтқан дұғаның абзалы – Алла Тағаладан өзге тәңір жоқ. Ол – жалғыз. Оның серігі жоқ. Иелік және мақтау Алла Тағалаға тән әрі Ол барлық нәрсеге құдіретті" дейді, – деп хабарлайды ҚМДБ. 
Ендеше Алла Тағала қадірлеген Арапа күні бесін намазының уақытында Жаббар Иемізге мақтаулар, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) көптеп салауат айтып, еліміздің амандығын, заманымыздың тыныштығын тілеп, дұға етейік!

Сондықтан, бұл күні жасалған игі істер үшін сауаптар бірнеше есе артады және оның шын мәніндегі көптігін Алладан басқа ешкім білмейді. Сол сияқты бұл күні жасалған күнәлардың да  жазасы бірнеше есе артады.

Тәшриқ тәкбірі. Арапа күні таң намазынан бастап Құрбан айттың төртінші күні екінті намазына дейінгі 23 намазда еркек-әйел барлық адам парыз намаздардан кейін сәлем бере сала "Аллаһуммә әнтәссәлам..." дұғасын оқымай тұрып, уәжіп болған тәшриқ тәкбір дұғасын (жеке оқыса да, жамағатпен оқыса да) дауыстап оқулары керек. Әйел адамдар дауыстарын шағырмай, іштерінен оқиды. Парыз намаздарынан басқа айт және жұма намаздарынан кейін де оқылады. Тәшриқ тәкбірі: "Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, Ла илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уә лилләһил-хамд" Мағынасы: Алла Ұлық, Алла Ұлық! Алладан басқа Құдай жоқ және Алла бәрінен де Ұлық! Алла Ұлық әрі күллі мадақ-мақтаулар тек Аллаға тән!

Ораза ұстау. Арапа күні ораза ұстау қажет (сүннет) амал. Өйткені, ораза – нәпсі тәрбиесінің негізі. Хадистерде Арапа күні ораза тұтудың сауабы мол және күнәларымыз кешірілетінін жеткізген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): "Арапа күні ораза тұтушыға Адам пайғамбардан (яғни алғашқы адамнан) Қиямет сырнайы үрленгенге дейін, өмір сүрген бүкіл адамдар санының екі есесіндей сауап жазылады" - деген. Тағы бір риуаятта, момындардың анасы Айша (Алла оған разы болсын) Масрукқа: "Ей Масрук, сен Расулуллаһтың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Арапа күні оразаны мың күнмен салыстырғанын естідің бе?" деді. (Байхаки, Табарани).

Дұға жасау. Алла Елшісі (с.ғ.с) былай дейді: "Дұғаның абзалы – Арапа күнінің дұғасы және мен әрі менен бұрын болған пайғамбарлардың айтқан дұғаның абзалы – Алла Тағаладан өзге Тәңір жоқ. Ол – жалғыз. Оның серігі жоқ. Иелік және мақтау Алла Тағалаға тән әрі Ол барлық нәрсеге құдіретті". Сол үшін осындай қасиеті мол күнді бос өткізбей, дұғамен күнімізді берекелі еткен жөн болады. Дұғамыз арқылы еліміз бен жеріміздің, жанұямыз бен ағайынның амандығын тілеу қажет. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с):  "Дұғаның қадірлісі – Арапа күні жасалған дұға" (Бәйһақи) дейді.

Тәубе ету. Алла Елшісі (с.ғ.с) "Адам баласының бәрі қателік жасайды. Солардың ішіндегі ең жақсылары – жасаған қателіктері үшін тәубе ететіндері" деген. Демек күнә істемейтін, қателікке бой алдырмайтын пенде болмайды. Алла пендесіне тәубе ету мүмкіндігін берді. Сол үшін Арапа күні мейірім есігі ашылған кезде, Аллаға тәубе жасап, күнә-қателіктеріміздің кешірілуін сұрайық. 

Кешірімді болу: Кешірім – иманның шынайы көрінісі. Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) былай айтқан: "Кешіре әрі райдан қайта біліңдер, өйткені кешірім мен мейірімділік таныту пенденің маңыздылығын арттыра түседі. Егер Алланың сізді ұлықтауын қаласаңыз, онда өзгелердің де күнәларын кешіріңіз".

Өзгелердің жаңалығы