Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандардың басым көпшілігі медицина қызметкері

14 Сәуір 2020, 12:16
1467
Бөлісу:
Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандардың басым көпшілігі медицина қызметкері

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыда 174 адамнан корнавирус анықталды, оның 110-ы Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.

 
Басқарма басшысының айтуынша, соңғы тәулікте жаңадан 174 жағдай анықталған, оның 58-сі жергілікті науқастармен байланыста болған азаматтар, қалғандары медицина қызметкерлері.
Біреуі қалалық Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкері. Орталық қалалық клиникалық аурухананың 110 медицина қызметкері бар, медициналық жедел жәрдем қызметінің 2 қызметкері, №32 қалалық емхананың 1 қызметкері, №11 қалалық емхананың 1 қызметкері, №1 қалалық клиникалық аурухананың 1 қызметкерінен қауіпті инфекция анықталды,-деді Әбілдаев.

Сонымен қатар, ол қазір инфекциялық стационарларда Covid-19 инфекциясынан 295 науқас емделіп жатқанын айтты. Оның ішінде 7 адамның жай-күйі  ауыр , 41 адамның ауырлықтың орташа дәрежесінде, 247 адамда  қанағаттанарлық.

Провизорлық орталықтарда 256 адам бар, оның ішінде – 12 бала, карантиндік оқшаулауда – 366, үйдегі карантинде – 7097 пациент.
Медицина қызметкерлерінің жай-күйі полисегментті пневмонияларының болуына байланысты екеуінде – ауыр, қалған науқастарда – қанағаттанарлық. Барлық байланыста болған адамдарға диагноздарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде,-деді ол.

Басқарма басшысы сөз арасында медицина қызметкерлерінің инфекцияны жұқтыруына байланысты өз ойын білдірді.
Вирусты олар пациенттерден де жұқтыруы мүмкін, өйткені олар шұғыл медициналық көмек көрсетуді жалғастырып отырды. Олардың ішінде ауру белгілерінсіз пациенттер де болуы мүмкін,-дейді Әбілдаев.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатқан көрінеді. 
Бұдан басқа, барлық қалалық клиникалардың ішінде қызметкерлерді коронавирусқа міндетті түрде тексеріп-қараумен эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы