Бүгін Алматыда Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездеседі 

7 Қыркүйек 2020, 12:40
1455
Бөлісу:
Бүгін Алматыда Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездеседі 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыда футболдан «Ұлттар лигасы» аясында Қазақстан мен Беларусь құрамасы кездеседі.


«Ұлттар лигасының» С дивизионының төртінші тобында бүгін екі ойын өтеді. Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдаса, Албания Литвамен кездеседі. Бірінші турда Қазақстан сырт алаңда Литва футболшыларын жеңген. Бұл ойын 2:0 есебімен Михал Билек шәкірттерінің пайдасына шешілді. Матчта Бактиер Зайнутдинов пен Исламбек Қуат мергендік танытты.

Албания Беларусь құрамасынан басым түскен. Сондықтан Қазақстан мен Албанияда 3 ұпайдан бар. Бұған дейін Қазақстан Беларусь құрамасымен үш рет кездесіп, үшеуінде де жеңілген.

Сараптамалық WhoScored порталы Литва мен Қазақстан кездесуіне қатысқан ойыншылардың алаңдағы көрсеткен өнерін бағалады. Порталдың қойған бағасы: Қазақстан – 7,13, Литва – 6:34. 
Матчтың үздік ойыншысы болып Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан танылды. Оның есебінде бір нәтижелі пас бар. Ойыншының рейтингі – 7, 84. 
Үздік үштікке Нұрәлі Әліп (7, 61) пен Гафуржан Сүйімбаев (7, 42) кірген. Гол авторлары Бактиер Зайнутдинов пен Исламбек Қуатқа 7, 36 және 7, 18 деген баға берілді. 
Литва құрамасы сапынан Донатас Казлаускас (7.36) иеленген.

Айтпақшы, Литва қақпасына гол соққан Бактиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасының үздік мергендерінің қатарында бестікке енді. Көш басында Руслан Балтиев тұр. 

1. Руслан Балтиев – 13 гол (73 матч);
2. Виктор Зубарев – 12 (18);
3. Дмитрий Бяков – 8 (33);
4. Сергей Хижниченко – 8 (47);
5. Бактиер Зайнутдинов – 7 (14);
6. Нұрбол Жұмасқалиев – 7 (58).



Өзгелердің жаңалығы