БҰҰ "бүкіләлемдік пікірталас" өткізеді

5 Қаңтар 2020, 11:09
2111
Бөлісу:
БҰҰ "бүкіләлемдік пікірталас" өткізеді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ жер тұрғындарын ғаламшардың бүгіні мен болашағы туралы әңгімелесуге шақырды. Пікірталастың мақсаты – әлем тұрғындарының пікірін тыңдау. Тарихтағы ең ауқымды «жаһандық пікіралас» акциясы БҰҰ 75 жылдығын тойлайтын жылы, қаңтар айында басталатын болады.

News.un.org сайтының жазуына қарағанда, пікірталастар барлық жерде – парламент үйі мен университет дәрісханаларынан бастап, ауылдық клубтарда болады.

Оған қоғамның түрлі топтары мен кез келген жастағы, кез келген сала өкілдері қатыса алады. Қатысушылардың пікірін саралау арқылы туындаған идеялар 2020 жылдың қыркүйек айында БҰҰ-ның әлемдік көшбасшылары мен басшылығының талқылауына жіберіледі - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, ұйым қызметшілері қоғамдық сауалнама жүргізіп, оның нәтижесін БАҚ-та жариялап отырады. Ол қосымша ақпарат жинап, ғаламшар тұрғындары әлемді 2045 жылы қалай көргісі келетінін түсінуге мүмкіндік береді. 

Авторлардың пікірі бойынша, осылайша жер тұрғындарының көпшілігі өзінің болашағының құрылуына үлес қосады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қазір барлығы бір-бірімен байланысты, ал заманауи мәселелерді тек әлем болып жұмылу арқылы шешуге болады дейді. 

Ешқандай мемлекет, ешқандай қоғам мәселені жалғыз шеше алмайды, бізге күш біріктіру керек. Біз айтып қана қоймай, тыңдай алуымыз керек. Бұл мәселеде әрқайсысыңыздың пікіріңіз маңызды. Біз сіздің ойыңызды білгіміз келеді, әлем тұрғындарының өмірін жақсарту үшін не істей алатынымызды анықтағымыз келеді, - деп мәлімдеді БҰҰ басшысы. 

Диалог пен зерттеу үш сұраққа негізделген: адамзат болашағы, әлемдегі үрдіс пен жаһандық серіктестік. 

6 қаңтар күні БҰҰ серіктестерімен бірлесе отырып жаһандық пікірталасқа қатысты 38 қатысушы ойын білдіретін бейнеролик жариялайды.

Өзгелердің жаңалығы