Бұқар Жырау ауданының төрт кентінде су құбыры желілері салынады

27 Маусым 2020, 09:03
2200
Бөлісу:
Бұқар Жырау ауданының төрт кентінде су құбыры желілері салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы Бұқар жырау ауданының төрт елді мекенінде су құбыры желісі іске қосылады. Ол "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімі Шагурашид Мамалинов ZOOM платформасында тікелей эфирде өткен брифингте мәлім етті.

Жаңақала, Шешенқара, Ақөре және Ынтымақ кенттерінде су құбырларын салу жұмыстары басталды. Тағы төрт елді мекенде ұңғымалар мен су құбырлары жөнделуде.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту жол картасы аясында үш мектеп, ауылдың орталық көшелері күрделі жөндеуден өтіп, Ботақара кентіндегі аулалар абаттандырылады.

Бұл жұмыстарға 363 адам тартылмақ. Оның 186-сы Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.

- Әрине, ең басты мәселе - су құбырлары. Біз оларды ешқашан болмаған жерде салмақпыз. Халық үшін бұл үлкен көмек. Көшелерді жөндеу және аулаларды абаттандыру да ерекше маңызға ие. Карантин кезінде жұмыс орындарын құру аса маңызды, - деп атап өтті Шагурашид Мамалинов.

Ол сондай-ақ қазір гигиена және әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды екенін атап өтті. Бұқар жырау ауданында бүгінгі таңда 162 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген. Оның ішінде 37 адам сауығып шықты.

- Мен барлықтарыңызды әлеуметтік қашықтықты сақтауға, маскалар киюге және аса қажетсіз үйден шықпауға шақырамын. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл өзімізді қауіпті вирустардан қорғау үшін ең тиімді қадам болып отыр, - деді аудан әкімі.

Ол сондай-ақ ауданның медициналық мекемелері қажетті жабдықтармен және жеке қорғану құралдарымен жабдықталғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы