Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов мәлім етті , деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вагапов азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде 10,4%-ке дейін баяулағанын айтады. Сөзінше, айлық мәні өткен айдағы 0,3%-тен 0,5%-ке дейін қарқын алды.
Азық-түлік тауарлары құрылымында қазан айында жұмыртқа, нан, жарма, қант және тәттілер, жаңа піскен жемістер мен ет бағасы өсті. Есесіне, ірімшіктің, жаңа піскен көкөністер мен күнбағыс майының бағасы арзандады, – деді Ұлттық банк басшының орынбасары.
Қазанда азық-түлікке жатпайтын инфляция жылдық мәнде 11,1%-ке дейін баяулады.
Айлық мәнде өсім – 0,8%. Қазан айында аудиовизуалды жабдықтар, отын, дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар, киім-кешек пен аяқ киім бағасы өсті, – деді Вагапов.