Азық-түлік бағасының реттелетініне халық сенбейді. Депутат Сауда министрін сынады

26 Қазан 2022, 11:13
16511
Бөлісу:
Азық-түлік бағасының реттелетініне халық сенбейді. Депутат Сауда министрін сынады

AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Ғалым Әміреев Сауда және интеграция министрлігін сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, халық азық-түлік бағасының тұрақталатынына сенбейді. Ал министрлік мәселені шешудің нақты жолын ұсынып отырған жоқ.

Халық көтеретін мәселелердің маңыздылығы бойынша азық-түлік өнімдері бағасының өсуі бірінші орында тұр, халық бұл мәселенің шешілетініне тіпті сенбейді. Өздеріңіз білетіндей, Мәжіліс депутаттары бірнеше рет, оның ішінде депутаттық сауалдар арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу мәселелерін көтерді. Біздің соңғы сұрауларымызға Сауда министрлігінің басшылары реттеудің жаңа тетігі әзірленіп жатқаны, тауар өндірушілердің (көкөніс өсірушілер, қант өндірушілер және т.б.) түрлі қауымдастықтарымен кездесулер өткізіліп жатқаны туралы жауап берді. Бірақ әлі күнге дейін баға қалай реттелетіні туралы механизм ұсынылмады, сонда механизмі қандай? - деді депутат мәжілістің жалпы отырысында.  

Ғалым Әміреев аталған мәселе бойынша жедел шара қабылдауды сұрады.

Ал осы уақытта өңірлердегі СПК-ға бұған дейін қолданыста болған барлық келісімшарттарды бұзып, қаражат шоттарда жинақталсын деген команда берілгені туралы хабар келуде, ал бұдан әрі не істеу керектігі түсініксіз. Бұл – қазіргі негізгі өнімдер мен шикізаттың бағасы ең арзан кезінде. Мысалы, 3-сыныптағы астық бағасы ең төмен деңгейге дейін төмендеді, сондай-ақ күнбағыс пен басқа түрлердің бағасы да өте төмен. Барлығына азық-түлік шикізатын дереу сатып алуға бұйрық берудің орнына, біз уақыт жоғалтудамыз. Барлығын қолмен шешу режиміне ауыстыру керек еді. Біз бұрын айтқанымыздай, ел ішінде де, шетелде де ең төмен бағалар бойынша ақпарат беретін аналитикалық маркетинг орталығы қажет, - деді ол.

Мәжілісмен екінші маңызды мәселе – ол тасымалдау екенін айтты.  

Қазіргі уақытта өте үлкен проблема, астық үшін де, басқа да өнімдер үшін де вагондар жоқ. Үкімет кем дегенде бір айға жеңілдік шарттарымен вагондар беру мәселесін шешу керек. Бұл тек әлеуметтік маңызы бар тағамдарға қатысты. Сонда Үкімет аяғын шалыс басудан шаршамай ма? Егер мәселені қалай шешуді білмесеңіздер, онда өңірлерге кедергі жасамаңыздар. Ертең өңірлер кінәлі деп жаба салмаңыздар. Жоғарыда айтылғанның негізінде, бағалар бойынша істің нақты жағдайын ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу жөнінде жедел шаралар қабылдауды сұраймын. Бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды, желтоқсан айынан бастап бағалар қайтадан көтеріледі. Экономикада бәрі циклдік, тек уақытында шешім қабылдап, әрекет ету қажет, - деді партия өкілі.

Өзгелердің жаңалығы