Азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу қажет. ҰЭМ өңірлерге шара қабылдауды ұсынды

14 Ақпан 2023, 11:12
1004
Бөлісу:
Азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу қажет. ҰЭМ өңірлерге шара қабылдауды ұсынды

Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов өңірлерге азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеуге қатысты шара қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол орталық және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар мәселеге назар аударуды ұсынды. 

Алдымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне және жеміс көкөніс өнімдеріне бағаның алып-сатарлық маусымдық ауытқуына жол бермеу жөніндегі шараларды іске асыру қажет. Сонымен қатар экономика салаларында өсудің оң қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру, көктемгі-дала жұмыстарына дайындықта кешенді қолдау көрсету керек, - деп айтты Тимур Жақсылықов.

Онымен қоса, жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздемені сапалы дайындау, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақтылы жүргізу және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражатты өнім берушіге дейін жеткізуі керегін айтты

Шикізаттық емес экспортты жан-жақты қолдау және баламалы экспорттық бағыттарды ұлғайтып, су тасқынына қарсы кешенді дайындық жұмыстарын жүргізу қажет, - деп атап өтті Ұдттық экономика вице-министрі Үкіметте.

Өзгелердің жаңалығы