Азық-түлік бағасын тұрақтандыру қажет - Бектенов

Бүгiн, 11:54
129
Бөлісу:
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру қажет - Бектенов
Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов биыл қыркүйек айында инфляция 8,3%-ға дейін баяулағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу Үкіметтің басым міндеті болып қала береді. Сондықтан өңірлер осы жұмысқа баса назар аударуға тиіс. Ол үшін қажетті құралдардың бәрі бар. Нәтижесін көріп отырмыз. Биыл қыркүйек айында инфляция 8,3%-ға дейін баяулады. Инфляция деңгейін бақылау мен төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау қажет. Әкімдіктер азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға тиіс, — деді Премьер-министр.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 9 айда Қазақстан экономикасы қанша пайызға өскені турала айтқан болатын. Сондай-ақ Премьер-министр Олжас Бектенов Жамбыл обылысының әкіміне ескерту жасап, нақты шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы