9 айда Қазақстан экономикасы қанша пайызға өсті

15 Қазан 2024, 10:36
336
Бөлісу:
9 айда Қазақстан экономикасы қанша пайызға өсті
Фото: @KZgovernment

Биыл экономиканың өсуі толығымен шикізаттық емес сектордың дамуы есебінен қамтамасыз етілуде. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаңтар мен қыркүйектің қорытындысы бойынша экономиканың өсуі - 4,0%. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде үшінші айқатарынан өсудің жеделдеуі байқалып отыр.

Нақты сектордағы өсу - 5,0%, көрсетілетін қызметтер саласындағы өндіріс 3,8%-ке артты. Биыл экономиканың өсуі толығымен шикізаттық емес сектордың дамуы есебінен қамтамасыз етілуде. Салалар арасында ең жоғары өсуді ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласы көрсетіп отыр. Көлік қызметі 8,0%-ке, байланыс 6,4%-ке, сауда 6,3%-ке, өңдеуөнеркәсібі 4,8%-ке өсті, - деді Байбазаров үкімет отырысында.

Министрдің сөзінше, негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,6%-ке өсті. Инвестицияның ең жоғары өсуі шикізаттық емес салаларда байқалады.

Инвестиция көлемі байланыста 81,7%-ке, білім беруде –79,3%-ке, көлікте – 31,1%-ке, өңдеу өнеркәсібінде – 6,3%-ке,денсаулық сақтауда – 4,8%-ке өсті. Үздік көрсеткіштер Алматы, Жетісу, Павлодар, Қызылордажәне Түркістан облыстарында байқалады. Бұл ретте Атырау, Ақмола, Ақтөбе және Маңғыстауоблыстарында инвестициялардың айтарлықтай төмендеуі байқалады, - деді Нұрлан Байбазаров.

Өзгелердің жаңалығы