Азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеу үшін не істеу керек? - министр жауап берді

Бүгiн, 12:50
230
Бөлісу:
Азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеу үшін не істеу керек? - министр жауап берді
Фото: BAQ.KZ - архив

Биыл кәсіпкерлерді ынталандыратын жобаға 100 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр брифинг барысында "Базарлар мен әлеуметтік дүкендерде азық-түлік бағасын негіссіз көтерген кәсіпкерлер қалай жазаланады?" деген сұраққа жауап берді.

Бәрінің артынан аңдып жүру мүмкін емес. Сондықтан жүйелі шаралар қабылдау қажет. Қазіргі таңда жаңа форматтағы сауда орталықтарын құруды және оған жеңілдетілген несие беруді бастадық. Биыл бюджетіміз 100 млрд теңге, ал келесі жылы бұдан аз болмайды деп ойлаймын. Біздің мақсатымыз - кәсіпкерлерді ынталандыру. Егер кәсіпкерлер жұмысын ашық жүргізсе, сол кезде біздің де бақылауды күшейтуге мүмкіндігіміз болмақ. Әрине, бұл үлкен жұмыс. Біз тек бағаны көреміз, негізі оған дейін де біраз жұмыстар бар, - деді Нұрлан Байбазаров үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен Қаржы министрі Мәди Тәкиев қазақстандықтардың көбі неге аз жалақы алатынын түсіндірген еді.

Үкімет отырысында Олжас Бектенов Азық-түлік бағасын тұрақтандыру қажет екенін айтқан еді. Ол әкімдіктер азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруы керек екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы