Азық-түлік бағасы рекордтық деңгейге жетті – БҰҰ

9 Сәуір 2022, 02:26
1897
Бөлісу:
Азық-түлік бағасы рекордтық деңгейге жетті – БҰҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Украинадағы оқиғалар аясында әлемде азық-түлік бағасы рекордтық деңгейге жеткенін жариялады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы, Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының мәліметінше, Украинадағы қақтығыс негізгі дәнді дақылдар мен өсімдік майлары нарығында дүрбелең тудырып, наурыз айында жаһандық азық-түлік бағасының ең жоғары деңгейге көтерілуіне себеп болды.

Мәселен, 2022 жылғы наурызда азық-түлік бағалары индексінің орташа мәні 159,3 тармақты құрады, бұл ақпан айының мәнінен 12,6 пайызға жоғары. Сонымен қатар, ақпан айында бұл көрсеткіш 1990 жылы индексті енгізуден бастап ең жоғары деңгейге жетті. Бұл деңгейде индекс 33,6 жылдың наурызына қарағанда 2021 пайызға жоғары болды.

Сондай-ақ астық бағалары индексінің мәні наурыз айында ақпанға қарағанда 17,1 пайызға жоғары болды, бұл бидай мен барлық ірі дәнді дақылдар бағасының айтарлықтай өсуіне байланысты болды.

Өзгелердің жаңалығы