Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британиялық Джерси аралынан табылған ежелгі монеталар Ұлыбритания тарихындағы ең үлкен қазына ретінде танылды. Бұл жазба Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлайды Daily Mail сайты.
1980 жылдардың басында Джерси тұрғыны қазынашылар Редж Мид мен Ричард Майлзға далада байқаған күміс түйме туралы айтты. Олар табылған зат жер астына жасырылған қазыналарды көрсете алатындығын ұғып, 30 жыл бойы аралды қуатты металл детекторлармен іздеген.
2012 жылы қазынашылар фермадағы егістікте үлкен олжалы орынды анықтаған. Шамамен 1 метр тереңдікте мыңдаған ежелгі рим және кельт монеталары көмілген. Мид пен Майлз Юлий Цезарь әскерлерінің пайда болуына дейін оларды қызығушылықпен жасырған деп болжады.
Қазба жұмыстары кезінде 69 347 көне монеталар алынды. Бастапқыда олардың құны 10 миллион фунтқа (5 млр теңгеден астам) бағаланғанын жазған BBC News. Тіпті бұл жерден табылған ең арзан монеталар кем дегенде 100 фунт стерлингке (50 млн теңге көлемінде) тұрады, - дейді қазына іздеуші Мид өз сөзінде.1996 жылғы британдық қазынашылық туралы заңға сәйкес, табылған зат патшайымның меншігі болып жарияланады. Осыған сай қазынашылар қазынаның үлесіне емес, тек сыйақыға ие болған.
Бұрын Ұлыбританиядағы монеталардың ең үлкен қазынасы 1978 жылы Вильтширде табылған деп есептелген. Ол біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырда соғылған 54951 мыс монетадан тұрды. XIII ғасырдың 150 мың күміс монеталары бар әлемдегі ең үлкен монета қазынасы 1908 жылы Брюссельде ашылған болатын.