Азыққа байланысты жағдай АШМ-ның бақылауында

7 Тамыз 2021, 20:24
4657
Бөлісу:
Азыққа байланысты жағдай АШМ-ның бақылауында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республика бойынша 16,1 млн тонна ірі азық дайындалды, бұл жоспарланған жылдық көлемнің 68%-ын құрайды. Жағдай Үкіметтің тұрақты бақылауында деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі. 

Ведомствоаралық комиссия биыл 15 тамыздан бастап республикадан ірі азықты әкетуге және жемдік астық экспортына квота беруді уақытша тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылдады. Жемдік астық экспортына квоталар көлемін айқындау кезінде АШМ, бірінші кезекте, отандық малшылардың мұқтаждықтары үшін жемдік астықтың жеткілікті көлемінің болуын негізге алатын болады.

Тамыз айының соңына дейін темір жол көлігімен азық тасымалдауға жеңілдікті тарифтерді (нақты тарифтерден 77%-ға төмен) ұзарту туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ шөп дайындау қарқынын күшейту үшін өңірлерге қосымша 43,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, шөп шабу үшін табиғи резерваттардан 211 мың гектардан астам жер бөлінді.

«Азық-түлік корпорациясы» форвардтық сатып алу шеңберінде жаңа өнімнен 4-5 сыныпты бидай мен арпаның 170 мың тоннасын сатып алынатын болады.

Азықтың қосымша қорын құру мақсатында Азық-түлік корпорациясының жемдік қорының көлемін 370 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Осы мақсатта қосымша қаржыландыру көлемін тарту мәселесі пысықталуда.

Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы азықпен қамтамасыз етілу жағдайы бақылауда. Осы облыстарда ірі азықты дайындау көлемі орташа республикалық деңгейден жоғары.

Бүгінгі күні Жамбыл облысында – жылдық ірі азық көлемінің 94%-ы, Түркістан облысында – 84%-ы және Алматы облысында – 74%-ы дайындалды.

Жекелеген «сарапшылар» болжағандай азық тапшылығына байланысты 3 млн. мал басының өлімі шындыққа сәйкес келмейді және ешқандай негіздер жоқ.

Үкімет резервінен осы облыстарға сатып алынатын азықтың құнын арзандату мақсатында 3,6 млрд. теңге бөлінді (Қызылорда облысына – 1,7 млрд. теңге, Маңғыстау облысына – 1,9 млрд теңге).

Азық-түлік корпорациясының жемдік қорынан Маңғыстау және Қызылорда облыстарына нарықтық бағадан төмен бағамен 1,7 мың тонна арпа бөлінді. Үкімет облыс әкімдеріне сабан, оның ішінде бірінші кезекте арпа мен қара бидайды жаппай дайындауды ұйымдастыруды тапсырды.

Азықпен қамтамасыз ету мәселелеріне волонтерлік ұйымдар қосылды. Олар 5,8 мың тонна шөп жеткізіп, аз қамтылған және көп балалы отбасылар арасында үлестірілді.

Маңғыстау облысы үшін жергілікті бюджеттен қосымша 5,3 млрд теңгені азықпен қамтамасыз ету мақсатына пайдалану мәселесі пысықталуда, бұл облысқа қосымша 25 мың тонна шөп және 34 мың тонна жемдік астық сатып алуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кредиттері бойынша қарыздарды ұзарту және қайта құрылымдау туралы шешім қабылданып, өтінімдерді қабылдау басталды.

Жалпы алғанда, қабылданған шаралар құрғақшылықтың әсерінен туындаған азық дайындау мәселелеріндегі шиеленісті жеңілдету үшін жағдай жасады. Жағдай Үкімет пен өңірлер әкімдерінің тұрақты бақылауында.

Жоғарыда көрсетілген жедел сипаттағы шұғыл шаралармен қатар мал шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралар дайындалуда. Олар егіншілікті әртараптандыруды одан әрі тереңдету, ауыспалы егістегі азықтық дақылдардың үлесін ғылыми негізделген нормаларға дейін жеткізу, азықтық дақылдардың тұқым шаруашылығын дамыту, жайылымдық алқаптардың пайдаланылуына бақылауды күшейту мәселелерін қамтиды.


Өзгелердің жаңалығы