Азиялық келбетімізбен-ақ әдеміміз: Қазақтардың көзі көк болған ба?

21 Ақпан 2024, 15:45
4117
Бөлісу:
Азиялық келбетімізбен-ақ әдеміміз: Қазақтардың көзі көк болған ба?
Фото: pixabay.com

Dope soz подкастының авторларының бірі Арсен Түсіпбеков Халықаралық экскурсия жетекшілері күніне орай көне түркі кезеңі туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шара Астанадағы Ұлттық музейдің «Жұлдызды гид» жобасы аясында «Көне түркі өркениеті» залында өтті. Кең аудиторияға ғасырлар бойы сақталған құнды тарихи жәдігерлер мен бай мұраны таныстыруды мақсат еткен іс-шараға студенттер мен елорда жастары қуана қатысты.

Сенімдеріңізге, келгендеріңізге көп рақмет. Менің бейінді білімім жоқ және көне түркі уақыты тарихымыздағы ең сүйікті кезеңім емес, дегенмен экскурсияны сіздерге қызық болатындай жүргізуге тырысамын, - деп бастады сөзін Түсіпбеков.

Азиялық келбетімізбен-ақ әдеміміз: Қазақтардың көзі көк болған ба?

Ол көне түркі кезеңін неліктен өркениет деп аталатынын түсіндірді. Сондай-ақ ертеде қазақтардың көзі көк, шашы сары болған деген миф екенін тарихи деректермен негіздеді.

Біздің шашымыз бұрыннан қара, көзіміз қысыңқы. Осы азиялық келбетімізбен-ақ әдеміміз, тіпті мен де, - деді ол.

Арсен Түсіпбеков қазіргі заманда да бірнеше мемлекетті байланыстырып тұрған Түрік қағанаты тарихының маңызды оқиғаларына тоқталды.

Өзгелердің жаңалығы