Азия пара ойындары. Ұлттық құрама Ханчжоуға жетті

19 Қазан 2023, 11:00
582
Бөлісу:
Азия пара ойындары. Ұлттық құрама Ханчжоуға жетті

Бірер күннен кейін Қытайдың шығысында Азия пара ойындары басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»ке сілтеме жасап. 

Байрақы бәсекеге 131 спортшымыз қатысады деп жоспарланып отыр. Олар 14 спорт түрінде медальға таласады. Әсіресе пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара жүзу, пара дзюдо, пара таеквондо және бочча сияқты бағыттардан үміт зор. Осыған байланысты ұлттық құрамамыздың бір бөлігі қазір Ханчжоу қаласына аттанып, жарыс алдындағы дайындықты пысықтап жатыр. Қалған спортшыларымыз Алматыды қаласында. 

Олар Азия ойындарына бірнеше рейспен жеткізіледі. Дүбірлі додада 43 елден бас-аяғы 4000-ға жуық спортшы қатысады. Араларынан жерлестеріміз 6 бірдей алтын жеңіп алуды көздеп отыр. 

Осы арқылы жалпы командалық есепте кемінде 12-ші орынға тұрақтау жоспарланған. 

Бұл жерде бар күшімізді салып, жүлдегер атануға тырысамыз. Өйткені ұзақ уақыт дайындалдық. Жарыс алдында арнайы жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Оған дейін өзім жеке бағдарлама бойынша шеберлік шыңдадым. Алдағы ойындар біз үшін үлкен тәжірибе болмақ. Сонымен қатар ұмытылмас әсер алып қайтамыз деген үміттемін, - деді боччадан ұлттық құрама мүшесі Итиана Шыңғысханова.

Өзгелердің жаңалығы