Азия ойындары: Каратэші Мөлдір Жаңбырбай финалға жолдама алды

8 Қазан 2023, 10:10
752
Бөлісу:
Азия ойындары: Каратэші Мөлдір Жаңбырбай финалға жолдама алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақта үш мықты қарсыласын жолдан тайдырды.

Қазақстандық каратэші алдымен Азия чемпионы, қытайлық Йе Тинг Цангты тартысты кездесуде 3:2 есебімен ұтты. Содан кейін екі мәрте әлем чемпионы, жапониялық Михо Миахараның (6:5) меселін қайырды. Жартылай финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері, үндістандық Сара Бахманиардан 5:4 есебімен айласын асырды.

Өзгелердің жаңалығы