Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдар өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Париж Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған отандасымыз Нұрбек Оралбай (85 кг) Жасурбек Юлдошевпен (Өзбекстан) кездесіп, жеңіске жетті. Есеп: 5-0.
Нұрбек осыған дейін 2022 жылы Амманда өткен сары құрлық чемпионатында қола медаль алған.
Енді Қазақстан құрамасы сапынан ақтық сында бір отандасымыз - Айбек Оралбай (90 кг) қалды.
Бүгін 60 кг салмақта бақ сынайтын Оразбек Асылқұлов пен Сабыржан Аққалықов (75 кг) алтын медаль олжалады. Осыдан кейін рингке көтерілген Төрехан Сабырхан (70 кг) күміс медаль еншіледі. Бұдан бөлек, ерлер командасы сапындағы Махмұд Сабырхан (55 кг), Ертуған Зейнуллинов (65 кг) пен Сағындық Тоғамбайда (90 кг) қола медаль бар.
Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы атанып, Төрехан Сабырхан бокстан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының финалында ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі) сынға түсіп, алғаш рет Азия чемпионы атанды.