Азия чемпионатында кезекті жүлде қоржынға түсті

12 Қыркүйек 2021, 16:10
8855
Бөлісу:
Азия чемпионатында кезекті жүлде қоржынға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нысана көздеуден Шымкентте өтіп жатқан 14-Азия чемпионатында Қазақстан командасы екінші медалін иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы сында қазақстандық Ярослав Махнев күміс медаль жеңіп алды.

Бұл бәсекеде алтын жүлдені өзбекстандық Камалбек Үмідбеков, қоланы тағы бір өзбек мергені Мұхаммад Камалов еншіледі.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан ересектер командасының мүшесі Эльдар Иманқұлов Азия чемпионы атанған болатын.

Өзгелердің жаңалығы