Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды

7 Қаңтар 2023, 09:46
788
Бөлісу:
Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды

Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншілігіне қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтетін 16-27 қаңтар аралығында өтетін құрлықтық додада 19-22 жас аралығындағы жастар қатысады. Аталған жарыс 16-27 қаңтар аралығында өткізіледі.

Азия біріншілігінде қазақстандық боксшылар 13 салмақ дәрежесінде толық құрамда қатысады.

Құрама сапына бұдан бұрын ересектер арасында сынға түсіп жүрген Санжар Тәшкенбай, Даниял Сәбит, Махмуд Сабырхан, Сағындық Тоғамбай сынды боксшылар шақыру алған.

Құрама сапындағы боксшылар тізімі төмендегіше:

48 келі: Санжар Тәшкенбай

51 келі: Даниял Сәбит

54 келі: Нұрсұлтан Алтынбек

57 келі: Махмұд Сабырхан

60 келі: Талғат Сырымбетов

63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

67 келі: Абзал Серік

71 келі: Сабыржан Аққалықов

75 келі: Диас Молжігітов

80 келі: Ерасыл Жақпеков

86 келі: Сағындық Тоғамбай

92 келі: Ерхат Бекзат

92 келіден жоғары: Аманат Сабырғали

 

Өзгелердің жаңалығы