Қазір әлем бойынша компьютерлік техникаға сұраныс жоғары – Рүстем Биғари

21 Тамыз 2020, 21:09
1921
Бөлісу:
Қазір әлем бойынша компьютерлік техникаға сұраныс жоғары – Рүстем Биғари

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари «Қазақстандық білім беру жүйесі: перспективалары мен технологиялары» тақырыбында өткен Bolashaq Friday Talks жобасының онлайн талқылауында айтты.

Қашықтан оқу бәріміз үшін ауыр болды. Ол тек қана оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар үшін ғана емес, сонымен қатар білім министрлігіне не ауыр тиді. Қашықтан оқу кезінде 3 негізгі мәселе болды. Олар инфраструктураның, материалдық және техникалық базаның жоқтығы. Нәтижесінде еліміздегі 3 млн оқушының тек миллионында ғана компьютер бар екені анықталды. Үйлерінде компьютер, интернеті бар балалар компьютер арқылы сабақ оқи алды. Ал 2 млн-ға жуық бала смартфон арқылы ғана білім алуларына тура келді. Міне, біз тап болған қиындықтардың бірі осы болды, - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, қысқа ғана 3 айдың ішінде барлығын компьютермен қамтамасыз ету мүмкін емес. Дегенмен 300 мыңдай компьютер қазір бар. Берілген тапсырма бойынша мектептерді техникамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. 
Аймақтарға техника алу үшін қаражат бөлдік. Олар қазір компьютер құрылғыларын сатып алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Ол техникалар оқу мерзімі барысында ең алдымен әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балаларға беріледі. Олар ерекше білім беруді талап қажет ететін балалар, әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан, асыраушысынан айырылған және көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға беріледі. Қазір бізде олардың тізімі бар. Жабдықтарды алу үшін ақша шілденің аяғында бөлініп, шешім қабылданғаннан кейін жұмыс басталды. 13 күннің ішінде компьютерлік техниканы жинап, шашыраңқы болмауы үшін орталықтандырылған компьютерлік техниканың бірыңғай талаптарын жасадық. Балалардың қолына өткен техниканы басқаруды қамтамасыз еттік. Яғни ұрлықтың алдын алу, сатып жіберуді болдырмас үшін бақылауға алынды және интернеттегі контент сүзгіленеді. Бұл балалар үшін қойылған технологиялық механизмдер, - дейді Рүстем Биғари.

Вице-министрдің сөзінше, қазір компьютерлік техникаға сұраныс жоғары.
2 аптаның ішінде барлық қызығушылық танытқан IT компанияларды жинап, талдау жасадық. 3 министрлік, яғни сауда, цифровизация және білім министрігімен бірлесіп талдадық. Жергілікті әкімдік өкілдерімен де бірлесіп, техниканы қайдан алуға болатынын шештік. Өйткені қазір әлем бойынша компьютерлік техникаға сұраныс жоғары. Оларды қолға түсіру қазір оңай емес. Дегенмен жұмыс жасалып жатыр. Арнайы жүйе бойынша техника сатып алынып жатыр. Яғни сатып алу кезінде жасалатын келісімшарттың ұзын-сонар механизмі жоқ. Әкімдіктер бір күннің ішінде де келісімшарт жасай алады, - деді ол.

Рүстем Биғари әлі де интернет тартылмаған не нашар жұмыс істейтін елдімекендердің тізімін жасағандарын айтты.
Біз интернеті жоқ және нашар жұмыс істейтін елдімекендердің және кей ауылды жерлерде 80 оқушыдай болатын мектептердің тізімін жасадық. Тізімге ондай 2 600-ге жуық аймақ кірді. Ол мектептер дәстүрлі форматта білім алатын болады. Сондай-ақ біз ата-аналарға таңдау бердік. 1-4 сынып оқушыларының ата-аналары кезекші сыныпқа баласын беру үшін мектепке өтініш жаза алады. Дегенмен балаларын мектепке жіберуге алаңдап отырған ата-аналар болса, олар балаларын қашықтан оқыта алады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы