Азиаданың күміс жүлдегеріне Астанадан пәтер берілді

21 Желтоқсан 2023, 12:32
425
Бөлісу:
Азиаданың күміс жүлдегеріне Астанадан пәтер берілді
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Елордада жыл сайынғы «Астана» спорт форумы өтті. Іс-шарада Ханчжоудағы Азия ойындарының күміс жүлдегері Галина Дувановаға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан спортшылар одағы» РҚБ ұйымдастырған іс-шара Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

Азиаданың күміс жүлдегеріне Астанадан пәтер берілді

Әкімдік пен Сортшылар одағы осы іс-шараны бірлесіп өткізу туралы шешім қабылдады. Елордада спорт саласы дамып келеді. Бұл біз үшін ерекше маңызға ие. Спорт адамдарды ғана емес, елдерді де біріктіреді. Спорттың күші міне осы, - деді іс-шараның ашылуында Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен.

Форум барысында үздік спортшылар марапатталды. Осылайша, қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша номинациялардың жеңімпаздары атанды:

- «Спорт ардагерлері» – Марат Қуанышев, Мерей Ақшалов, Жанат Манашев, Анатолий Храпатый (қайтыс болғаннан кейін);
- «Ерлер арасындағы жыл спортшысы» – Нұрбек Оралбай;
- «Әйелдер арасындағы жыл спортшысы» – Жәмила Бақбергенова;
- «Әйелдер арасындағы пара спортшы» – Ақмарал Науатбек;
- «Ерлер арасындағы пара спортшы» – Ерғали Шамей;
- «Спорт түрлері бойынша жыл жаттықтырушысы» – Дәурен Оразов;
- «Жыл жаттықтырушысы» – Асқар Еркебаев;
- «Жылдың үздік елордалық федерациясы» – Астананың ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясы;
- «Ұлттық спорт түрлері бойынша үздік спортшы» – Гүлнәр Базаралиева;
- «Жылдың үздік балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» – Астана әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектерге арналған спорт мектебі» КММ;
- «Жыл серпілісі» – Нұржан Батырбеков және «Жеңіс» футбол командасы;
- «Жыл меценаты» – Дмитрий Инютин, Асхат Мұқашев, Әсет Нұрғожин, Қуаныш Нұртақов.

Азиаданың күміс жүлдегеріне Астанадан пәтер берілді

Сонымен қатар қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша қазақстандық Спортшылар одағының демеушісі Астанадағы жаңа пәтердің кілтін Азия ойындарының күміс жүлдегері Галина Дуванова иеленді.

Марапаттау рәсімінен бөлек, қонақтарға арнап танымал әртістердің қойылымдары мен спорттық демонстрациялардан тұратын мәдени бағдарламасы ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы