Азат Садықов Азиада ойындарында грек-рим күресінен қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Грек-рим күресінен отандық спортшы Азат Садықов күреспей-ақ жүлде еншіледі.
Себебі қарсыласы камбоджалық Софак Кео алаңға шықпады.
Сол себепті қазақтандық палуан автоматты түрде белдесудің жеңімпазы атанды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мейіржан Шермаханбет - Грек-рим күресінен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.