Азиада – 2023: Қазақстан медальдар кестесінде қай орында тұр?

2 Қазан 2023, 07:21
1825
Бөлісу:
Азиада – 2023: Қазақстан медальдар кестесінде қай орында тұр?
Фото: baq.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының медальдар кестесінде Қазақстан құрамасының қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір ел құрамасы еншісінде 31 медаль (3 алтын, 5 күміс, 23 қола) бар. Медальдар кестесінде 13-орында тұр.

Бұл жөнінен Қытай 241 медаль алып, (130 алтын, 72 күміс, 39 қола) көш бастаған. Одан кейінгі орындар Оңтүстік Корея (124 медаль: 30 алтын, 35 күміс, 59 қола), Жапония (111 медаль: 29 алтын, 41 күміс, 41 қола) еншісінде.

Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:

Қытай - 130-72-39 (241)

Оңтүстік Корея - 30-35-59 (124)

Жапония - 29-41-41 (111)

Үндістан - 13-19-19 (51)

Өзбекстан - 11-12-17 (40)

Таиланд - 10-6-14 (30)

Тайвань - 9-10-14 (20)

Гонконг - 6-15-19 (40)

Солтүстік Корея - 5-9-5 (19)

Индонезия - 4-3-11 (23)

Қазақстан - 3-5-23 (31).

Өзгелердің жаңалығы