Ажырасу кезеңінде тұрған 63 жұп консультациядан өтті. Марховец әлеуметтік жоба туралы айтты

28 Шілде 2022, 11:20
2477
Бөлісу:
Ажырасу кезеңінде тұрған 63 жұп консультациядан өтті. Марховец әлеуметтік жоба туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шараларды институционализациялау» әлеуметтік жобасы туралы баспасөз конференциясында айтты. 

Әлеуметтік жобаның үйлестірушісі Варвара Марховецтің айтуынша, жоба аясында жас отбасыларға арналған семинарлар мен кеңестер өткізу ұйымдастырылады. 

Жобаның 3 айлық жұмысы барысында 63 жұп консультациядан өтті. Болашақта бұл жұмыс жалғасын табады. Сондай-ақ біз қалалық сотпен меморандумға отырдық. Ажырасу кезеңінде тұрған отбасылармен жұмыс істейміз. Жалпы 30 отбасының ішінен 13 жұпқа кеңес бердік. Әлеуметтік жоба аясында білікті мамандар, оның ішінде психологтар тартылды. Сондықтан консультацияларды өз ісінің мамандары өткізіп жатыр, - деді Варвара Марховец.

Ол атағандай отбасылардың бос уақытын өткізу бойынша да шаралар ұйымдастырылды.

Балалардың дамуына және отбасылық шараларды ұйымдастыруды қолға алдық. Бұл отбасыны нығайтып, қарым-қатынасты жақсарта түседі, - деді ол. 

Сондай-ақ жобаны іске асыру кезеңінде отбасылық құндылықтарды және жалпы отбасын нығайтуға бағытталған белсенді қатысушыларды марапаттау  конкурстар, акциялар өткізіледі. Ол конкурстар Отбасы күніне, халықаралық әкелер күніне, Халықаралық Отбасы күніне орайластырылған.

Өзгелердің жаңалығы