Әжетханадан табылған сәбиді ерлі-зайыптылар асырап алды

14 Қараша 2023, 20:51
569
Бөлісу:
Әжетханадан табылған сәбиді ерлі-зайыптылар асырап алды
Фото: BAQ.KZ

Баланы асырап алғандар ұзақ жыл некеде тұрып, балалы болмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Отбасы нәрестені балалар үйінің базасынан көріп, басқа қаладан арнайы келіп алып кеткен.

Еске салайық, былтыр тамыз айында полиция қызметкерлері дәретхана шұңқырынан шығарып, сәбиді аман алып қалған еді. Артынша 17 жастағы кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны анықталған. Сот үкімімен кәмелетке толмаған ана кінәлі деп танылып, оған 8 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған болатын.

Қалалық мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Айдар Маметов сәбиді асырап алған ата-ана туралы ақпарат берді.

Көп жылдар бойы олардың балалары жоқ. 2021 жылы ата-аналар асырау мектебін өтіп, 2023 жылы келіп, баланы ұнатып, басқа қалаға алып кетті. Ол бала асырап алынғаннан кейін алты ай біздің бақылауымызда болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы