Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы мен ардагерлері тыл ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады, деп жазады Polisia.kz сайты.
Петр Темірбаев Алтай өлкесі Николаевка ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдары жасөспірім болған, сондықтан сол кезден бастап ол жұмыс істеп, небір ауыртпашылықты көрген.
Соғыстан кейін Петр Темірбаев Тула облысын түрме атқышы қызметіне түседі.
1956 жылы Вильнюс қаласында ІІМ-нің басшы құрамын даярлау мектебін бітірген. 1964 жылы ІІМ жоғары мектебін тәмамдайды. Одан кейін әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеп, 1986 жылы Маңғышлақ ауданы ІІБ КТУ ГМ-172/5 мекемесі бастығының орынбасары, ішкі қызмет полковнигі атағында құрметті демалысқа шығады.
2018 жылы ІІО және Ұлттық гвардияның ардагерлер кеңесі "ІІО құрметті ардагері"атағымен марапатталады.
Петр Николаевич біздің қызметкерлер үшін ерлік пен батылдықтың жарқын үлгісі болып табылады. Біз оған қонаққа келуге және туған күнімен құттықтауға әрдайым қуаныштымыз. Оның берген тәлімі көп адамның мәңгі есінде қалмақ. Біздің ардагерге ұзақ өмір мен мықты денсаулық тілейміз, - деді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Қазақстан коммунистік халық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы ардагерді В. И. Лениннің 150 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапаттады.