Әзербайжан Президенті: Біз армениялық фашизмнің күшін жойдық

31 Наурыз 2021, 18:21
1833
Бөлісу:
Әзербайжан Президенті: Біз армениялық фашизмнің күшін жойдық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістанда өтіп жатқан Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде сөз алған Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Екінші Қарабақ соғысы туралы ақпаратпен бөлісті. 

Өздеріңіз білетіндей, 30 жыл бойы Армения оккупация жүргізуде. Сондай-ақ халықаралық деңгейде Әзербайжанның жері болып саналатын жерлерге оккупация жасалды. 1 млн-нан астам әзербайжандық өз туған жерінен босқын болып кетуге мәжбүр болды. Біз басқа адамдарға қарсы жүргізген саясатты көрдік. Армения Әзербайжанға қарсы геноцид жүргізді. 1992 жылы Армения жүргізген геноцид салдарынан 613 адам өлтірілді. Оның ішінде 160 әйел және 63 бала бар, - деді Ильхам Әлиев.

Ол атап өткендей, халықаралық деңгейдегі ұйымдар, мәселен, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі резолюция шығарды және ол бойынша Армения Әзербайжанды толығымен босату керек болды. 1993 жылы бұл резолюция сол бойы орындалған жоқ. Ал басқа халықаралық ұйымдардың резолюциясы Әзербайжан тарапын қолдаған болатын. 

Олар халықаралық деңгейде маңызды болатын. Тәжірибе бойынша бұл резолюция жүзеге асқан жоқ. Әзербайжанның ұстанымын Ислам ынтымақтастық ұйымы, басқа да халықаралық ұйымдар қолдады. 1992 жылы қақтығысты жеңу үшін миссия жасалып, бірнеше жыл жұмысы нәтиже бермеді. Минск тобының нәтижесі 0-ге тең болды. Дегенмен Минск тобына кірген елдер ядролық державалар болды. Олар БҰҰ-ның Қауіпсіздің кеңесінің толыққанды мүшелері болды. Егер оккупация жалғасатын болса, ары қарай Арменияға қысым көрсетілсе, бұл мәселе шешілуші еді. Оларды бейбіт жолмен бірнеше жыл бұрын шешуге болар еді. Бұл қақтығыс сол бойынша қатып қалды. Армения ешқандай келіссөздерге келіспей, бас тартуда. Ол ашық түрде «Әзербайжан жерінің 1 см де бермейміз» деп отыр. Арменияның бұл қадамдары келіссөздердің нәтижесін жоққа шығарып отыр. Олар Қарабақ Арменияның жері деп айтқан болатын. Біз оған шайқас алаңында жауап берген едік. Осыдан кейін Армения жерді қайтарып алдық деп ойлап отыр, - деп атап өтті Президент.

Оның сөзінше, Армения тағы 30 жыл бойы провокацияны жалғастырмақшы. Біз өзіміздің қағидаттарымызға сәйкес жұмыс жүргізіп жатырмыз. Армения әскери топтары мемлекеттік шекара арқылы кірмек болды. Дегенмен біз оларға жауап бердік. Біз ешқашан олардың шекараларын бұзған емеспіз.

Президенттің сөзінше, 44 жыл бойы Екінші Қарабақ соғысы жалғасып келеді.

Ол Әзербайжанның жеңісімен жалғасуда. Мемлекет өзінің ынтымақтастығын сақтап қалды. 300-дей қала және ауыл әскери операция нәтижесінде босатылды. Әзербайжанның жерлері өздеріне қайтарылды. Әзербайжан өзінің тарихи жеңісіне қол жеткізді. Енді жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бауырлас елдер, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Әзербайжанға қолдау білдіріп, біздің жалғыз емес екенімізді айтты, - деді ол.

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне және басқа да халықаралық ұйымдарға алғыстарын білдіргісі келетінін айтты. 

Армениялықтар барлық қаланы жоқ қылып жіберді. Тарихи ескерткіштерімізді жермен-жексен етті. Олар 6 мешітті қиратты. Тіпті осы мешіттерде шошқалар мен сиырларды ұстаған видеолар да бар. Ол - мұсылман қауымға көрсеткен қорлығы. Сондай-ақ біз өзіміздің тарихи миссиямызды аяқтадық. Армениялық фашизмнің күшін жойдық. Қазіргі кезде қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастадық, - деп толықтырды Әлиев.

Өзгелердің жаңалығы