Әзербайжан Армениядан Қарабақты қалпына келтіруді талап етпек

17 Қараша 2020, 11:21
9184
Бөлісу:
Әзербайжан Армениядан Қарабақты қалпына келтіруді талап етпек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан президенті Ильхам Алиев халықаралық сотта Армениядан Таулы Қарабақтағы қираған инфрақұрылым мен ғимараттар үшін өтемақы талап етпек, деп жазды korrespondent.net. 

Өңірге келтірілген залалды бағалау үшін Әзербайжан халықаралық сарапшыларды шақыруға дайын. Ел перзиденті бұл туралы Әзірбайжан қарамағына өткен Физулин және Джебраиль аудандарын аралау кезінде айтты. 

Алиевтің айтуынша, Таулы Қарабақта бірде-бір сау ғимарат қалмаған. Мектеп, балабақша, үйлер мен өзге де нысандардың бәрі қиратылған. 

Қарсыластарымыз барлық инфарқұрылымды тас-талқан етті. Бұл үшін халықаралық сотта жауап беретін болады. Айтқанымдай, бұл іске халықаралық сарапшыларды тартып, барлық шығынды тиынына дейін есептетеміз. 30 жыл бойы жасалған дүние үшін өтемақы талап етеміз, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қараша күні Әзербайжан, Армения және Ресей арасында Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату жөніндегі келісімге қол қойылды. Нәтижесінде Қарабақтың бірқатар аумағы мен шекаралас аудандары Әзербайжан қарамағына берілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы