Азаматтық кодексті жаңарту – құқықтық жүйені жетілдірудің маңызды қадамы

11 Қараша 2026, 13:52
АВТОР
 magnific.com 11 Қараша 2026, 13:52
11 Қараша 2026, 13:52
98
Фото: magnific.com

Заң ғылымдарының кандидаты, профессор Руслан Сұлтанов Азаматтық кодексті жаңарту – құқықтық жүйені жетілдірудің маңызды қадамы екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі бастамасы – жауапты шешім. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Өйткені шарттық қатынастар қоғам өмірі мен экономиканың барлық дерлік саласында маңызды орын алады. Шарт – бұл азаматтар мен ұйымдар өзара құқықтар мен міндеттерді айқындайтын басты құрал. Мұндай қатынастардың заңнамада қаншалықты айқын реттелуіне міндеттемелердің орындалуы, тараптардың жауапкершілігі және өз мүдделерін қорғау мүмкіндігі тікелей байланысты, - дейді сарапшы. 

Оның айтуынша, әсіресе, азаматтық заңнама нормалары адал қатысушылар үшін қосымша қиындықтар туғызбауы ерекше маңызға ие.

Күнделікті тәжірибеде міндеттемелер толық көлемде орындалмайтын, тауарларды жеткізу мерзімдері бұзылатын, төлем шарттары сақталмайтын немесе тараптардың бірі уағдаластықтарды орындаудан бас тартатын жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай кездерде заңнамада зардап шеккен тараптың құқықтарын қорғаудың түсінікті де тиімді тетіктері көрініс табуы өте маңызды, - дейді Руслан Сұлтанов.

 

Наверх