Азаматтық қоғамның даму индексі бойынша онлайн талқылау өтті

14 Мамыр 2021, 18:33
1213
Бөлісу:
Азаматтық қоғамның даму индексі бойынша онлайн талқылау өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамыту индексі бойынша талдамалық баяндама талқыланды.

Баяндаманы талқылауға ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрбол Серікбеков, ҚҚДИ Басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова, сондай-ақ ғылыми және академиялық топтардың өкілдері қатысты. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан баяндаманы талқылауға аға ғылыми қызметкер Слямжар Ахметжаров қатысты.

Баяндаманы талқылау барысында сарапшылар Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасу кезеңдері, азаматтық қоғамды дамыту индекстеріне қатысу бойынша алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі, азаматтық қоғамның даму деңгейін анықтау үшін Ұлттық индекстерді пайдалану ерекшеліктері туралы пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, сарапшылар қазақстандық азаматтық қоғамның елдік индекстердегі даму динамикасын және посткеңестік кеңістік елдері бойынша қазақстандық азаматтық қоғамның даму деңгейін талқылады.

ҚҚДИ «Рухани жаңғыру» Басқарма төрағасының орынбасары Ә.Қайдарова өз сөзінде осы бағыт бойынша зерттеуге қатысты келесі қадам Қазақстандағы азаматтық қоғам индексін тікелей өлшеу үшін әдіснама мен құралдарды әзірлеу болатынын атап өтті. Әдістемені әзірлеу сараптамалық сұхбат, пікірталас алаңдары мен кабинеттік зерттеулер жүргізу қорытындылары бойынша жүргізілетін болады.

Жалпы, сарапшылар Қазақстанның инфрақұрылымы, құқықтық негізі, тиісті маңызды ортасы мен қабылдауы, сондай-ақ қарқынды дамып келе жатқан азаматтық қоғамы бар ел ретінде сипатталатынын атап өтті. Келесі кезеңде индексті әзірлеу және өлшеу Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың нақты бағдарларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Талқылау қорытындысы бойынша сарапшылар мемлекеттік органдар, академиялық топтар мен азаматтық сектор арасындағы қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін ынталандыру бағытындағы ынтымақтастықты қарқындатуға мүдделілік білдірді.

Өзгелердің жаңалығы