Азаматтарымыздың денсаулығы болмаса, экономикамызға қандай үлес қосады? - кәсіпкер

28 Қараша 2023, 12:23
502
Бөлісу:
Азаматтарымыздың денсаулығы болмаса, экономикамызға қандай үлес қосады? - кәсіпкер

Бұл туралы кәсіпкер, Қазақстан жұмыс берушілер қауымдастығының төрағасы Жұмабек Жанықұлов Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстандық бизнес тұрақты даму үшін» атты іс-шарада айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестицияға қатысты жүргізіп жатқан саясаты және экономиканың әлеуетін арттыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі әлемдік стандарттарға сәйкес жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бизнестің орнықты дамуы барлық кәсіпкер тарапынан қолдауға ие. Орнықты дамудың барлық 17 мақсатын іске асыру қажет. Оның барлығы назар аударуды қажет етеді, - дейді кәсіпкер.

Бұл мақсаттардың барлығы айқын көрсетілген. 

Бұл мақсаттарды барлық азамат жүзеге асыруы тиіс, әйтпесе алға қойылған көрсеткіштерге, мақсаттарға жете алмаймыз. Ол қандай мәселелер? Кедейлікпен күрес, азық-түлікпен қамтамасыз ету, қашықтан білім беруді дамыту, жаңа ресурстарды тарту және т.б. Сонымен қатар қазіргі күн тәртібінде тұрған мәселе - жаңа технологияларды енгізу және өндірістің шығарындыларын қысқарту, - деді Жұмабек Жанықұлов.

Ол елімізде инфрақұрылым проблемалары әлі де шешілмей отырғанын айтты. Жанықұлов жаңа технологияларды енгізу керегін атап өтті. Ол бизнесті, Үкіметті, мемлекетті жаңа технологияларды өндіріске енгізіп, шығарындыларды қысқартудың шешімін табуға шақырды.

Жұмабек Жанықұлов тұрғындарды медициналық тексеруден өтуіне қатысты мәселені көтерді.

Біздің азаматтар медициналық анықтамаларды емханаларға барып сатып алады. Бірақ ол адамның денсаулығына сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан жыл сайын chec-up-тан өту керек. Адамдар толық тексеруден өтпей, денсаулығының жай-күйін білмесе, денсаулықтары болмаса экономикамызға қандай үлес қосады... Сондықтан тексеруден жыл сайын өту өте маңызды, - деп айтты кәсіпкер.

Ол жиынға қатысушыларды медицина саласына назар аударуды сұрады.

Өзгелердің жаңалығы