Азаматтарымыз саяси режимнің салдарынан көшуге мәжбүр болды – Ералы Тоғжанов

31 Мамыр 2022, 13:57
3543
Бөлісу:
Азаматтарымыз саяси режимнің салдарынан көшуге мәжбүр болды – Ералы Тоғжанов
PHOTO
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. КазГЮУ университетінде Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жастармен және ұстаздар қауымымен кездесті. 

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Азаматтарымыз саяси режимнің салдарынан көшуге мәжбүр болды – Ералы Тоғжанов

Осы ретте кездесу Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу тақырыбына арналды.

Азаматтарымыз саяси режимнің салдарынан көшуге мәжбүр болды – Ералы Тоғжанов

Студенттер мен жиынға қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Азаматтарымыз саяси режимнің салдарынан көшуге мәжбүр болды – Ералы Тоғжанов

Ералы Тоғжанов 31 мамыр - қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінің мән-маңызы зор екенін атап өтті.

Азаматтарымыз саяси режимнің салдарынан көшуге мәжбүр болды – Ералы Тоғжанов

Бүгін жай күн емес, ерекше күн. Оны өздеріңіз де білесіздер. 1997 жылы 31 мамыр күні «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» деп арнайы белгіленді. Оған көптеген себеп бар. Ол – біздің өткен тарихымыз. Соңғы 30 жылда дүниеге келген жастарымыз да өткен тарихи кезеңдерді жақсы біледі деп ойлаймын. Әрине, жеңісті күндер де, қайғылы күндер де қазақтың даласында да болды. Ол кезең тек Қазақстанның ғана емес, Кеңес үкіметіне қарасты көптеген елдің, халықтың басынан өтті. Қиын-қыстау кезең 20-шы жылдардан басталды десем қате болмайды. Ең қиын кезеңдер 29-32 жылдармен тұспа-тұс келді. Қазіргі күні ғалымдарымыз бұл кезеңдерді терең зерттеп жатыр, - деді ол.

Азаматтарымыз саяси режимнің салдарынан көшуге мәжбүр болды – Ералы Тоғжанов

Үкімет мүшесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мешітке арнайы барып, қиын кезеңдерде құрбан болған азаматтарға тағзым етіп, құран бағыштағанын айтты.

Азаматтарымыз саяси режимнің салдарынан көшуге мәжбүр болды – Ералы Тоғжанов

Ол тарихи кезеңді ешқашан естен шығармауымыз керек. Кеңес үкіметі кезеңінде 170-тен аса лагерь болды. Лагерьлерде шамамен 10 млн адам болған. Оны тарихшылар әлі де зерттеп жатыр. Сол кезеңдер қазақтың басынан өткен қиын жылдардың бірі болды. Тарихшыларымыз бірнеше жылдардың ішінде 1,5 млн-нан аса қазақ құрбан болғанын айтып, нақты деректерді ортаға салып отыр. Тағы миллионнан аса азаматымыздың шетел асып кеткені туралы да деректер айтылып жатыр. Шамасы келгендер көшіп кетті, шамасы келмегендер қалды. Қазіргі күні шетелде 5 млн-ға жуық азаматымыз бар. Олар өз еріктерімен емес, сол кезеңдегі саяси режимнің салдарынан көшуге мәжбүр болғандардың ұрпақтары, - деп түсіндірді Ералы Тоғжанов.

Азаматтарымыз саяси режимнің салдарынан көшуге мәжбүр болды – Ералы Тоғжанов

Айтуынша, қазіргі күні миллионға жуық қазақ елге оралды.

Азаматтарымыз саяси режимнің салдарынан көшуге мәжбүр болды – Ералы Тоғжанов
Азаматтарымыз саяси режимнің салдарынан көшуге мәжбүр болды – Ералы Тоғжанов
Азаматтарымыз саяси режимнің салдарынан көшуге мәжбүр болды – Ералы Тоғжанов
Азаматтарымыз саяси режимнің салдарынан көшуге мәжбүр болды – Ералы Тоғжанов

 

Өзгелердің жаңалығы