Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа механизмдері таныстырылды

5 Шілде 2022, 10:50
1344
Бөлісу:
Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа механизмдері таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерінің әзірленгенін айтты. 

Биыл болжам бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл 138 мың отбасының баспана жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Жалпы жыл басынан бері бұл салада оң динамика қалыптасып отыр. 5 айда 4,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 39 мың отбасын жаңа баспанамен қамтуға жағдай жасайды, - деді Үкімет басшысы.

Айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін әзірленген.

Ол бірінші кезекте, азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталып отыр. Енді баспана кезегінде тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу «бір терезе» қағидаты бойынша бір орталықтан, ашық түрде жүргізілетін болады. Оның негізгі операторы – Отбасы банкі, - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Смайылов азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа механизмдері әзірленгенін айтты. Онда арендалық төлемді субсидиялау және ауылды жерлерде тұрғын үй салу сияқты қолдау шаралары бар.

Биыл жаңа механизмдер есебінен 70 мың азаматқа үйді жалға алу үшін субсидия беру және ауылды жерлерде 2,8 мыңға жуық адамды жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және әлеуметтік инфрақұрылымды дұрыс бөлу үшін қалаларда кешенді құрылыс салудың жаңа стандарттары қабылданды, - деді Смайылов Үкімет отырысында.

Өзгелердің жаңалығы