Азаматтар жеке мәліметтері таралып кетсе кімге шағымдана алады?

29 Қазан 2021, 12:54
16357
Бөлісу:
Азаматтар  жеке мәліметтері таралып кетсе кімге шағымдана  алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Kazakhstan Security System аясында өткен республикалық конференция барысында айтты.

Азаматтар жеке мәліметтерді алып тастауды талап ету құқығын белсенді пайдалана бастады. Бізге азаматтардың жеке деректерін тарататын интернет-ресурстарға қатысты көптеген шағымдар түседі, олар оны ашық дереккөздерден, мемлекеттік деректер базасынан алады, ал азаматтар бізден өздерінің жеке деректерін осы ашық көздерден алып тастауды сұрайды. Негізінде біз мұндай талаптарды қанағаттандырамыз, бұл жағдайда азамат жағына шығамыз, - деді Әбдіқалықов.

Оның айтуынша, дербес деректерді жинаудың мақсаты құжатталған болуы керек.

Оператордың қызметі үшін қажетті және жеткілікті дербес деректерді анықтау және бекіту тәртібі қатаң түрде реттеледі. Артық деректерді жинауға жол берілмейді.Біз қазір оператордан негізсіз бірдеңе сұрайтынын айтатын азаматтардың шағымына тап болдық. Қонақ үйде тұруға тіркелуге келдіңіз делік, сізден «Қай партияның құрамындасыз?», «Қанша балаңыз бар?» деп сұрайды. Тиісінше, сіз бұл артық ақпаратты бергіңіз келмейді. Бұған қалай қарсы тұруға және қажеттілік пен жеткіліктілік шегін анықтауға болады? Біз бұл туралы әлі де заңнама аясында ойланамыз, - деді Руслан Әбдіқалықов.


Өзгелердің жаңалығы